«Көшбасшылық өнері: президенттің жеке дипломатиясы» атты экспозиция Далластағы (Техас) кіші-Буш атындағы президенттік орталықта сәуір айының басында ашылмақ.
Көрмеге бұрынғы президенттің 20-ға тарта портреті қойылады, деп мәлім етті ұйымдастырушылар. Келушілер сондай-ақ кіші-Буштың суреттерімен және жазбаларымен танысып, оның басқа да әлемдік көшбасшылармен қарым-қатынастары жайлы егжей-тегжейлі біле алады.
Экс-президенттің айтуынша, ол жаңа ермегін Уинстон Черчилльдің «Кескіндеме уақыт өткізу ретінде» кітабын оқығаннан кейін қолға алған. Кіші-Буш өзінің талантын ұштау үшін қазір өзі тұратын Далласта сурет салудан сабақ та алған. Бұрынғы американдық көшбасшы өзімен тұстас қызмет жасаған 19 президенттің суретін салмақ, ең алдымен Ангела Меркельдің бейнесін салуға құлшынып отыр.