деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, желтоқсанның 23-і күні Кіші Алматы өзені бойына 13 980 текшеметр көлеммен өздігінен 11 қар көшкіні түсіп, ол «Эдельвейс» туристік базасының аумағындағы Шымбұлақ-Тұйықсу қақпасы автожолын бөгеп тастаған.
Желтоқсанның 24-і күні автожолды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені аумағында қар көшкінін профилактикалық түсіру жүргізілді. 500 текшеметр көлемдегі қар тау беткейіне тоқтады, қазір онда еш қауіп жоқ.