«Осы мәселе бойынша нақты шешімді мен осы жылдың соңына дейін қабылдаймын. Әзірге ол туралы ойламауға тырысып жүрмін», - деп мәлімдеді Буш жексенбі күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
61 жастағы Джеб Буштың Республикалық партияда беделі жоғары. Джеб Буш 1999-2007 жылдар аралығында Флорида губернаторы болып, штат тарихындағы ең танымал губернаторлардың бірі аталды. Егер сайлауда өзінің кандидатурасын ұсынса, ол отбасылық дәстүрді жалғастыруға мүмкіндік алады. Оның ағасы кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті, ал оның әкесі үлкен Джордж Буш - 41-ші президенті болған.