- Головкин екеуміз жанкүйерлер үшін керемет қызықты айқас өткізер едік. Головкинмен 168 фунтта жекпе-жекке шығуды ойлап жүрмін. Менің салмағыма түссін, 160-қа ауысу маған қиындық туғызатын сияқты. Головкин Вилли Монроға қарсы айқастың 3-4 раундында шаршаңқырап қалғанын байқадым, - деді ол.
Ол Фрочпен, Дирреллмен, осы тәрізді боксшылармен айқасуы тиіс, түсінесің бе? Меніңше, ол қарсылас таңдағанда, көп ойланатын сияқты, - деп атап өтті Чавес.