Олардың ішінде Ресей президенті Владимир Путин мен Ұлыбритания экс-премьері Тони Блэр де бар.
Бірнеше картиналарды Буш NBC телекомпаниясына берген сұхбаты барысында көрсетті.
Ақ үйдің бұрынғы қожайыны суреттерінің көрмесі Техас штатындағы Даллас қаласында кіші Буш атындағы президенттік орталықта, алдағы сенбі күні ашылады.
Кіші Буш сурет салумен 2009 жылы президенттік лауазымнан кеткеннен кейін шұғылдана бастады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.