Кіші Флойд Мэйвезер: «Головкин Уордпен жекпе-жек өткізуі керек»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақтағы жеңілмеген боксшы Геннадий Головкинмен кездесу үшін оралмайтынын айтты, деп хабарлады Sports.kz.

«Менің ойымша, ол Андре Уордпен жекпе-жек өткізуі керек, - деді Мэйвезер ESPN-ге берген сұхбатында Головкин туралы. - Бұл TripleG және Андре Уорд үшін жақсы кездесу болады деп ойлаймын. 154 фунт салмақ дәрежеде жұдырықтаспағанда 160 фунтта қалай шығар едім?».