Кіші Флойд Мейвезер: Спенстің келешекте Головкинмен кездесуге мүмкіндігі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салмақ санатынан тыс әлемдегі үздік боксшылар рейтингінің көшбасшысы, WBC/WBA/WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы жартылай орта салмақтағы Флойд Мейвезер өз қамқорлығындағы ешқашанда жеңіліп көрмеген Эррол Спенстің Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екендігін айтып, оған өз бағасын берді.

«Эррол Спенстің дене-бітімін ескерсек, ол көп ұзамай рингке бірінші орта, тіпті орта салмақта шығуы мүмкін. Келешекте Спенстің Головкинмен кездесуіне мүмкіндік бар».