Кіші Хулио Сезар Чавес: «Головкин жұлдыздармен жұдырықтасуы тиіс немесе 168 фунтқа көшуі керек»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес FightHype-ке Геннадий Головкиннің орнына неге Карл Фрочпен кездесуді қалағанын түсіндірді, деп хабарлады Sports.kz.

- Фрочта Ұлыбританияда жанкүйерлері көп. Ол 168 фунттағы барлық белгілі боксшылармен кездесті. Головкин мықты қарсыластармен бәсекелесуі керек. Мәселен Питер Куиллин-Энди Ли жекпе-жегінің жеңімпазымен. Немесе 168 фунтқа көшуі қажет. Бірде ол жаттығып жатқанда Ковалевпен жұдырықтасқанын айтты. Неге онымен жекпе-жек өткізбеске?