Кіші қажылығын өтегісі келетіндерге жол ашық

None
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Мекке қаласының әкімшілігі кіші қажылығын (ұмра) өтегісі келетіндерге Үлкен мешітте жағдай жасау үшін барлық мүмкіндікті қарастыруда, деп жазады muslim.kz.

Қасиетті қалада қажыларға көрсетілетін қызметтің сапасы артқанын да тілге тиек етті қала әкімі Усама әл-Бар.

Негізгі күш-жігер қажылардың қоналқаға түсетін орындарының тазалығын сақтауға жұмсалғанын қуана хабарлаймыз. Мекке шаһарынан шығарылған қоқыстың көзі бірден жойылады. Залалсыздандыру әрі зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Дүкендер мен базарларда азық-түліктің бүлінбегені қадағаланады. Мал дәрігерлері саудаға шығарылған еттің сапасын жиі тексеретін болады.