«Мен де, барлық жанкүйерлер де бұл айқасты күтуде. Мен бұл туралы соңғы екі жыл бойы айтып келемін. 2017 жылы Головкинмен рингте кездесетініме жүз пайыз сенімдімін. Мен өткен жлы жекпе-жекке түскім келген, алайда промоутер Эдди Хирн бұл айқасты Келл Брукке берді. Келісім аяқталуға аз қалғанда, ол қарапайым нұсқаны таңдауды жөн санады. Себебі, біз - кез келген келісімшартқа келісе бермейтіндердің қатарынанбыз. Ол жерде күлкілі тармақтар болды, біз тек әділдікті қаладық. Хирн бұл айқасты тіпті орта салмақтағы боксшы болып саналмайтын және жеңіске мүлдем мүмкіндігі жоқ Брукке берді. Енді менің Головкинмен өтетін айқасқа дайындалуға уақытым жеткілікті. Мен жекпе-жектің болатынына толықтай сенімдімін», - деп айтты кіші Юбэнк.
21:50, 02 Ақпан 2017
Кіші Крис Юбэнк: Биыл Головкинмен айқасатыныма жүз пайыз сенімдімін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы кіші Крис Юбэнк (23-1, 18 КО) биыл қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жұдырықтаспақшы, деп хабарлайды Sports.kz ESPN-ге сілтеме жасап.