Кіші-Крис Юбэнк: Головкин, бағытымды саған түзедім, маған сенің белдіктерің қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы британдық кәсіпқой боксшы кіші-Крис Юбэнк Том Доранды жеңген соң бірден Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп мәлімдеді Sports.kz.

«Геннадий Головкин, бағытымды саған қарай түзедім. Маған сенің белдіктерің қажет...  Барлығы сені ешкім жеңе алмайтындай көреді, алайда бұл ой қате, оны мен дәлеледеймін»,  - деп мәлімдеді кіші-Юбэнк    Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салсақ, боксшылардың промоутерлерінің мәлімдеуінше, олардың жекпе-жегі қыркүйекте өтуі тиіс.