5 ақпан күні түнде Лондон қаласында Юбэнк австралиялық Ренолд Куинланды техникалық нокаутпен жеңіп, IBО белбеуін иеленді. Британдықтың ендігі арманы - WBC, WBA, IBO және IBF белбеуінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жекке түсу.
«Біздің айқас міндетті түрде болады. Мен де жанкүйерлер секілді оның өткенін қалаймын. Мен екі жыл бойы Головкинді жекпе-жекке шақырып келемін. Екеуміздің 2017 жылы айқасатынымызға күмән келтірмеймін», - деген Юбэнктің сөзін келтіреді BoxingScene.
Еске сала кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) рингке шығады.