«Мен мүмкіндігімді жіберіп алдым, бірақ ол менің кінәм емес. Жағдайды басқару менің қолымда болмады - мен келісімшарт жасауға, айқасқа дайын болдым, бірақ Эдди Хирн бұл жекпе-жекті Келл Брукке берді», - деді кіші Юбэнк Press Association Sport-қа берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкиннің Юбэнкпен айқасы 2016 жылдың желтоқсанында өтуі мүмкін еді, алайда келіссөздер британдық боксшының әкесінің кесірінен болмай қалды. Себебі, ол жекпе-жекті ұйымдастыру процесін толықтай басқарғысы келген. Кейін Крис супер орта салмаққа көтеріліп, IBO тұжырымы бойынша чемпион атанды. Ол таяуда ғана мексикалық боксшының жарақаты салдарынан «Канеломен» реванш болмай қалса, Головкинмен айқасуға дайын екендігін мәлім етті.