Кіші Роберт Дауни Forbes нұсқасындағы табысы мол актерлердің көшін бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Forbes журналы биыл да Голливудтың ең табысты актерлерінің тізімін жариялады.

Онда екінші мәрте көшті кіші Роберт Дауни бастап тұр. Ол өткен жылғы маусымнан ағымдағы жылғы маусымға дейін $75 млн пайда тапқан.

Forbes атап өткендей, 49 жастағы кіші Дауниге негізгі пайданы «Темір адам-3» блокбастері әкелді. Ол 2013 жылғы ең көп сұранысқа ие болған фильм еді. Осылайша ол прокаттан $1,2 млрд. табыс әкелді.

Тізімде екінші орында бұрынғы әлемдік деңгейдегі жұлдыз Дуэйн Джонсон, табысы - $52 млн.

Үздік үштікті Брэдли Купер тұйықтады, "Мой парень - псих" (2012) және "Афера по-американски" (2013) фильмдеріндегі рөлімен "Оскар" сыйлығына номинант болған. Бір жылда оның табысы $46 млн. құрады.

Рейтингтің 4-ші орнынан Леонардо Ди Каприоны көруге болады ($39 млн). "Тор" фильмінің жұлдызы австралиялық Крис Хемсворт ($37 млн) 5-орынға ие болды.

Рейтингтің үздік ондығына сонымен бірге Лиам Нисон ($36 млн), Бен Аффлек және Кристиан Бэйл ($35 млн), Уилл Смит, Марк Уолберг ( $32 млн) кіреді.