«Кишинев әуежайында оқ жаудырған Тәжікстан азаматы Рустам Ашуров - 23 маусымда «Ориёнбанк» АТАҚ төрағасының бірінші орынбасары Шухрат Исматуллоевты ұрлап кеткен қылмыстық топ мүшесі», - деп хабарлады Тәжікстанның бас прокуратурасы.
Мекеме дерегі бойынша, қылмыс жасағаннан кейін Рустам Ашуров Түркия арқылы Молдоваға қашып, кейін Еуроодақ елдерінде жасырынбақ болған.
«Ориёнбанк» ААҚ басшының орынбасары Шухрат Исматуллаевты 23 маусым кешке төрт қылмыскер ұрлап кетті. Тәжікстан ІІМ банк қызметкерінің қайда екенін айтқан адамға $30 мың сыйақы берілетінін мәлімдеді.
Кеше Кишинев әуежайында белгісіз ер адам оқ жаудырды. Екі адам қаза тапты. Қылмыскер бірнеше адамды кепілге алған. Ол арнайы жасақ жүргізген операция барысында ұсталды. Кишинев әуежайында Молдованың мемлекеттік шекарасынан өтіп бара жатқанда оған елге кіруге тыйым салды.