Роликтің желісі казармаға жақындатылған жағдайда өтеді. Титтей ғана сарбаздар әскерилерге үйреншікті жұмысты орындайды. Біреуі қарауылдың кейпінде, екіншісі автоматты тазартуда, үшіншісі гитарада армиялық әуенді ойнауда. «7 мамыр - барша ерлерге арналатын керемет мейрам. Ата-аналар да қалыс қалған жоқ, - дейді балалар. - Бұл мереке әкемізді одан да бақыттырақ етуге тамаша себеп».
01:17, 03 Мамыр 2016
Кішкентай батырлар ер азаматтарды мерекелерімен құттықтады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылар күні қарсаңында елордалық №54 «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушілері айрықша образда болды. Үйреншікті ойыншықтарын армиялық атрибуттарға ауыстырып, олар «Мерекелеріңізбен, қымбатты ер азаматтар!» ролигінің түсіріліміне қатысып, керемет құттықтау дайындады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.