Оқиға Пекин клиникаларының бірінде орын алды. Құлағы ауырып жылай берген қызын ата-анасы ауруханаға жеткізеді. Олардың сөзіне қарағанда, қыздың төрт ай бойы құлағы ауырып жүрген, анасы қызының құлағынан түсініксіз бірдеңе көреді.
Дәрігерлер қызды тексере келе, оның құлағынан 2 сантиметрдей бақбақ гүлін тауып алады. Дәрігерлердің айтуынша, жылы және ылғалды орта гүлдің өсіп шығуына әсер еткен көрінеді.