Қылмыстық қудалаудан жасырынған қылмыскер 25 жылдан астам іздеуде болған. Анықталғандай, ол 1997 жылдың тамыз айында Ресей Федерациясының Ростов облысында өзінің сыбайласымен екі адамды өлтірген. Қылмыс көлікті иемдену мақсатында жасалған.
Ұсталған азаматқа Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша екі адамды өлтірді деген айып тағылған. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, экстрадициялау мәселесі шешілуде.
2022 жылдың 9-18 наурыз аралығында елордада ауқымды «Іздеу» операциясы жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласында операция басталғалы 20 қылмыскер анықталып, ұсталды, жоғалған алты азамат табылды.