АСТАНА. KAZINFORM — Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылы Харбин қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында топтық айналымда Жапония құрамасын жеңді.
Ойын 4:1 есебімен аяқталды.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бұл - Қазақстанның төрт ойындағы төртінші жеңісі. Дәл қазір Олег Болякин шәкірттері А тобында көш бастап тұр.
Команда келесі кездесуін 10 ақпан күні Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.
Бұған дейін хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайды жеңген болатын.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.