Қысқы демалыс: Астанада балаларды қайда апаруға болады

АСТАНА. KAZINFORM – 30 желтоқсан мен 8 қаңтар арасы — мектеп оқушылары үшін қысқы демалыс. Осы 10 күн ішінде Астанада балаларға арналған қандай мәдени шаралар өтеді? Қай жерлерде сырғанақ тебуге болады? Арнайы фотоаймақтар қайда ұйымдастырылды?

Фото: Canva

Қыстың қызығы — сырғанақ тебу

Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің мәліметінше, қаланың 6 ауданында мұз айдындары, сырғанауға арналған төбешіктер, слайдтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар — барлығы 60-қа жуық демалыс нысаны қала тұрғындары мен қонақтарын қабылдауға сақадай сай тұр.

Сарыарқа ауданы

Бұл ауданда 12 сырғанақ тебуге арналған төбешік пен 4 мұз айдыны ашылған.

Қалалық алаңда үлкен сырғанақ төбешігі мен мұз айдыны, сондай-ақ мерекелік фотосурет түсіруге арналған тақырыптық фотоаймақтар мен табиғи шырша орнатылған.

«Бөгенбай батыр» даңғылы, 43 мекенжайындағы шағын бақта табиғи шырша маңында жасалған отбасылық мұз айдыны бар.

«Көктал» саябағында түрлі жастағы адамдарға арналған екі сырғанақ, сонымен қатар жаппай коньки тебуге арналған үлкен мұз айдыны бар.

Есіл өзенінің жағалауында түрлі деңгейдегі 8 сырғанақ және өзеннің үстіндегі мұз айдыны жұмыс істеп тұр.

А. Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысында қысқы демалысты көңілді өткізу үшін бір сырғанақ төбешігі жасалған.

Байқоңыр ауданы

Фото: Астана әкімдігі

«Жастар» сарайы (Республика даңғылы, 34) аумағында мұз айдыны, сырғанақ жасалған және жаңа жылдық шырша орнатылған.

Ж. Тәшенов көшесіндегі К. Ататүрік атындағы саябақта мұз айдыны мен сырғанақ орнатылған.

«Жазушылар аллеясында» (Абай даңғылы) сырғанақ, шыршалар, жаңа жылдық инсталляциялар мен шағын архитектуралық нысандар орнатылған.

Өндіріс елді мекенінде (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы) мұз айдыны мен сырғанақ ашылды.

Кирпичный елді мекенінде (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) мұз айдыны мен сырғанақ бар.

Қазқалашық елді мекенінде (Досмұхамедұлы көшесі, 6) биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік шырша орнатылған.

«СМП» елді мекенінде (Кеншілер көшесі 5, 126-көше) биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік шырша орнатылды. Дәл осындай сырғанақ 126-шы көшеде де бар.

Қоянды саяжай алабында (Алаш тасжолы) биіктігі 4 метр сырғанақ, сондай-ақ бес метрлік шырша орнатылған.

Сонымен қатар, Целинный шағын ауданындағы Жұбанов көшесі 3, 3/1, 3/2 мекенжайындағы аулалардың аумағында үлкен мұз айдыны ашық тұр. Республика даңғылында және Ж. Тәшенов көшесінде жаңа жылдық жарықтандырулар ілінген.

Есіл ауданы

Фото: Астана әкімдігі

Дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында мұз айдыны, сырғанақтар және шырша орнатылды. Сондай-ақ, сырғанақ Пригородный елді мекенінде де ашылды, ал жаңа жылдық шыршалар мына орындарды безендірді:

- Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақ;

- Қабанбай батыр даңғылындағы көпір астындағы алаң;

- Пригородный елді мекенінде (Арнасай-Жаңадария көшелерінің қиылысы) және Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа алаң.

Биыл шыршалар алты негізгі орынға орнатылады.

Алматы және Сарайшық аудандары

Фото: Астана әкімдігі

Мына орындар жабдықталды:

Қазақ елі монументінің алаңында 2 мұз айдыны, сырғанақ және жаңа жылдық шырша ашылды. Алаңның аумағы шағын архитектуралық нысандармен, жарық-люминациялық паннолармен безендірілген.

Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының жанында слайдтар, шыршалар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақ және мұз айдыны жұмыс істеп тұр.

Триатлон саябағында мұз айдыны мен сырғанақ ашылған.

«Sana Sport» спорт кешенінің аумағында мұз айдыны, шырша және шағын архитектуралық нысандар орнатылды.

Тағы 4 сырғанақ Теміржолшылар, Өнеркәсіп, Интернациональный және Күйгенжар тұрғын алаптарында ашылды.

Нұра ауданы

Фото: Астана әкімдігі

Мұнда арнайы тақырыптағы шағын сәулет нысандары орнатылды, фотоаймақтар безендіріліп, жеті сырғанақ пен жеті мұз айдыны ашылды.

14 желтоқсанда сағат мұнарасынан (Тұран даңғылының жағындағы орталық саябақтың аумағы) басталатын 290 метрлік желілік мұз айдыны ашылды.

Мұз айдынының өзінен бөлек, саябақта шырша мен тақырыптық қондырғылар, сондай-ақ жәрмеңкелерге арналған сауда павильондары және т.б. бар.

«Астана-Арена» стадионының маңында екі мұз айдыны мен бір сырғанақ орнатылды. Сол сияқты үлкен мұз айдыны мен сырғанақ «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің жанында ашылды.

Жағалау скверінде сырғанақ орналасқан, Үркер елді мекенінде сырғанақ пен мұз айдыны салынды.

Бұдан бөлек, Ғашықтар саябағының аумағында, «Зеленый квартал» ТК жанында және Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жаңа жылдық фотоаймақтар ашылды.

Кинотеатрда қандай мультфильмдер көрсетіліп жатыр

Үй перісі – Кузя/Домовенок Кузя

Фото: Астана әкімдігі

Кузя атты үй перісі Мыстан кемпірдің тұтқынынан қашып шығып, Наташа есімді қыз баланың үйіне тап болады. Наташа және тағы бір үй перісі Нафанямен бірге ол сиқырлы сандықты іздеуге шығады. Алайда жолда оларға басты әрі қауіпті жау – Мыстан кемпір кедергі болады. Сюжеті құпияға және болжап болмас бұлтарыстарға толы мультфильм нағыз отбасылық картина!

Мультфильмді 1 қаңтар күні елордалық Arman Asia Park, Chaplin Khan Shatyr, Chaplin Mega Silk Wayкинотеатрларынан тамашалауға болады.

Муфаса: Арыстан патшайымы

Бұл Арыстан патша Симбаның қызы — Муфасаның таңғажайып оқиғасы.

Ертеректе, Муфаса үйінен алыста, әрі қорғансыз, әрі жалғыз жүрген шағында Така есімді аланмен достасады. Ол - патша әулетінің өкілі. Бұл таныстық шым-шытырық шытырман оқиғаларға ұласып, небір қиын сәттерде олардың достығы сынға түседі. Ал олардың қарсыласы...

Мультфильм тек бүгін Arman Asia Park, Chaplin Khan Shatyr Астана кинотеатрларында көрсетіледі. Соңғы сеанс – 21:30-да.

Соник 3

Көз ілеспес жылдамдық, сан түрлі түстерден жасалған көз тұндырарлық визуалдық эффект – мұның бәрін Соник 3 мультфильмінен көруге болады. Атақты ойынның кейіпкері бұл жолы тағы бір таңғажайып оқиғаға тап болады. Ал ондағы қорқынышты қарсыластарды достарының және өзінің шапшаңдығының арқасында қапы қалдырады.

Мультфильмді 1 қаңтар күні елордалық Arman Asia Park, Chaplin Khan Shatyr, Chaplin Mega Silk Wayкинотеатрларынан тамашалауға болады.

Қуыршақ театрында не қызық бар

Астананың Қуыршақ театрында 3-7 қаңтар күндері «Күлшеқыз және ғажайып қар» атты шырша маңындағы ертеңгіліктер ұйымдастырылады. Онда Аяз ата ертегі әлемінен келіп, бөбектермен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлайды.

Орыс тілінде өтетін шара 12:00-де, қазақ тіліндегісі 16:30-да басталады.

Мерекелік жиынға 3 жастан асқан балалар қатыса алады. Бағасы – 2500 теңге.

Сондай-ақ, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында да 3, 4 және 5 қаңтарда «Ғажайып жартас» атты дәстүрлі ертеңгілік өтеді. 3 және 5 қаңтарда шара 11:00-де, ал 4 қаңтарда 13:30-да басталады.

Онда Аяз ата мен Қарша қыздан бөлек Гарри поттер, Бастинда, Фея секілді кейіпкерлер бар.

Жиынға 3 жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады, ал 3 жастан асқан бала мен оның ата-анасына билет 3000 теңгеден сатылады. Ертеңгілік 1 сағат 50 минутқа созылады.