Қысқы Олимпиада 2030 жылы Францияда, 2034 жылы АҚШ-та өтеді

Фото: Фото: istockphoto.com

АСТАНА. KAZINFORM - 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпісінде өтеді. Бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің Парижде өткен 42-сессиясында мәлім болды.

Бұл шешімге 84 делегат қолдау білдірсе, 7-і қалыс қалып, 4-і қарсылық білдірді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан азаматтар 2030 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға дайын екендігін жеткізгенін атап өтті. ХОК Францияның ғаламат Олимпиада өткізетініне сенетініне тоқталды.

Қысқы Олимпиада 2030 жылдың 8-24 ақпаны аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр. 

Ендігі кезекте ХОК талаптарына сәйкес, Франция үкіметі Олимпиаданы өткізуге кепілдік беруі талап етіледі. Оған қосаүш Альпі аймағының билігімен - Эвиан, Рона-Альпі және Прованс-Альпі жарыстарды ұйымдастыру туралы келісім жасасу міндеттелді.

ХОК сессиясына қатысқан Франция президенті Эммануэль Макрон барлық міндеттеме жүзеге асатынына уәде берді.

Осылайша Франция өз тарихында төртінші рет қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндік алып отыр. Бұған дейінгі ойындар 1924 жылы Шамониде, 1968 жылы Гренобльде және 1992 жылы Альбертвилде өткен еді.

Сондай-ақ 2034 жылғы Ойындар АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиде қаласында өтеді. 

Айта кетсек, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.