Қысқы Олимпиада: Илья Мизерных шаңғыдан тұғырдан секіруден 8-орын алды

Фото: ҚР ҰОК

ЛИВИНЬО.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Илья Мизерных Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының финалында өнер көрсетті.

Ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден (биік тұғыр) ақтық сында, Илья Мизерных және Данил Васильев ел намысын қорғады.

Нәтижесінде, Мизерных 281.6 ұпаймен 8-орыннан көрінсе, Васильев 235.9 ұпаймен 27-орынға жайғасты.

Осы сында словениялық Домен Превц (301.8 ұпай) чемпион атанса, жапониялық Рен Никайдо (295.0 ұпай) және полшалық Кацпер Томасяк (291.2 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, Мизерных осыған дейінгі қалыпты тұғырдан секіруде 37-орын алған болатын, ал Васильев 34-орыннан көрінген.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін 16 қазақстандық спортшы жеті спорт түрінен жарыс жолына шығады.