Қысқы Олимпиада: қазақстандық могулшылар алғашқы жаттығуын жасады

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

ЛИВИНЬО.KAZINFORM — Бүгін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күні басталды. 

Жоспарға сәйкес, Ливиньо шаңғы курортында жарыс жолына шығатын қазақстандық фристайл-могул спортшылары алғашқы жаттығуларын жасады.

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Бас жаттықтырушы Елена Круглыхина құраманың Олимпиада ойындарына толық дайын екнін айтты.

— Жаттығу жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Бұнда ауа райы жылы, қардың сапасы да жоғары. Жалпы, спортшылардың көңіл-күйі тамаша. Юлия Галышева туралы айтсақ, ол соңғы Олимпиадасында ештеңден аянып қалмайды деп ойлаймын. Ал Анастасия Городко өз бабында, — деді бапкер.

Айта кетерлігі, фристайл-могул спортынан 4 қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді. Олар: Павел Колмаков, Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова.

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстаннан биыл 36 спортшыны Олимпиада ойындарына жолдама алып, спортшылар саны жөнінен алғашқы 25 мемлекет құрамына енді