Қысқы Олимпиада: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті

Фото: ҰОК

ЛИВИНЬО. KAZINFORM — Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы жарыс басталды.

Әйелдер арасындағы скиатлон жарысында 10 км + 10 км қашықтықта қазақстандық Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина бақ сынады.

Бұл бәсекеде швецариялық спортшы Фрида Карлссон 53 минут 45.2 секунд нәтижемен үздік атанса, оның отандасы Эбба Андерссон күміс жүлдені қоржынға салды. Сондай-ақ норвегиялық спортшы Хейди Венг қола медалды қанағат тұтты. Ал, отандасымыз Ксения Шалыгина 53-орын, ал Надежда Степашкина 60-орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, бұл жарыста 70 спортшы бақ сынады.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстаннан биыл 36 спортшыны Олимпиада ойындарына жолдама алып, спортшылар саны жөнінен алғашқы 25 мемлекет қатарына енді.