Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі
МИЛАН. KAZINFORM – 10 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні басталды.
Бүгін 18 қазақстандық спортшы алты спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
13:15 – шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
14:30 – шорт-трек 500 м (әйелдер, іріктеу), 1000 м (ерлер, іріктеу), аралас эстафета (алдын ала кезең). Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова.
15:15 – фристайл-могул, алғашқы іріктеу (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.
17:30 – биатлон, жекелей жарыс (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.
18:15 – фристайл-могул, алғашқы іріктеу (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.
22:30 – мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер)
Қатысушы: Михаил Шайдоров.
Айта кетейік, бұған дейін Қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күні несімен есте қалғанын жаздық.