Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 12 ақпандағы жарыс кестесі
ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 12 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.
Бүгін 7 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
15:30 — тау шаңғысы, супергигант (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова
16:15: фристайл-могул, бірінші финал (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков
17:00 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко
20:30 — конькимен жүгіру, 5000 м (әйелдер)
Қатысушы: Надежда Морозова
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық могулшы қыздар Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсетті.
Сонымен қатар, ұлттық Олимпиада көмитеті төрағасы Геннадий Головкин ел құрамасын қолдау үшін арнайы Ливиньо қаласына келді.