66 келіге дейінгі салмақ санатында біздің Қахармен Кисметов кезекпен болгарлық Дейвид Тихомиров Димитровті 2:1 (іріктеу) есебімен, түрік Огуджан Вадеттин Ялджинді 4:3 (1/8 финал) есебімен, армян Малхаза Амоянды 7:1 (ширек финал) есебімен, әзербайжандық Исламбек Дадовты 7:1 (жартылай финал) есебімен жеңіп, шешуші айқасқа шықты, онда 0.5 есебімен грузин Рамаз Зоидзеден ұтылып, жастар біріншілігінің күміс жүлдесін қанжығаға байлады.
Осы күні Бахтияр Жылысбаев (84 келіге дейін) іріктеу сатысында ойыннан шығып қалды, ал Данияр Марвен (120 келіге дейін) және Ернұр Фидахметов (55 кгеліге дейін) ширек финалға дейін жетті.