- Біз егіс алқаптарын сақтандыруға көшкенімізге бірнеше жыл болды. Сақтандырудың екі негізгі түрі бар. Оның бірі – артық ылғалдан сақтандыру. 2023 жылы 30 күннен астам толассыз жаңбыр жауып, егін оруда қиындықтар туындады. Сақтандырудың екінші түрі – ылғалдың тапшылығы. Сақтандыру компанияларына төленетін сыйлықақы сомасының 80%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады. Сондықтан фермерлер іс жүзінде алқапты тегін сақтандыра алады деуге болады. Қыс қарсыз болса, көктемгі егіс жағдайын нашарлатады, - деді вице-министр.
Еске салсақ, елдегі диқандардың 12 пайызы гектарына 7-8 центнерден ғана өнім алған болатын.