деп хабарлайды ҚазАқпарат компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл акция қыркүйектің 1-і мен қарашаның 30-ы аралығында жүргізілген болатын. Оған қатысуға арнайы купонды толтырып, оған «КІТ КАТ» өнімінің орауышын қосып ұйымдастырушыларға жолдаған барлық қазақстандыққа тең мүмкіндік жасалды. Бұған дейін күн сайын «GSMX-50» үлгісіндегі скутерлерді ойнатқан компания бас жүлдені желтоқсанның 20-сында сарапқа салған еді. Онда 3 айдың ішінде 200 этикетка жинаған Алиса Шмелова жеңімпаз атанды. Жаңа жыл қарсаңында өткен марапаттау рәсімі кезінде оған «Nissan Micra» көлігінің кілті табыс етілді.