Кітабынан түскен қаржыны науқас балаларға жұмсаған жазушы қызды министр марапаттады
Министр Диананың өмірі туралы БАҚ беттерінен оқып, үлкен әсерге бөленді.
Диана Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бала кезінен дәрігерлер оған дизартрия (церебральды сал ауруының жеңіл түрі) диагнозын қойды.
Ол толыққанды сөйлей алмады. Оның бұл жағдайға душар болуы Семей ядролық полигонындағы сынақтың салдары болуы да мүмкін.
Диана денсаулығы сыр берген төрт баланың өмірі жайлы «Ақсу-Жабағылының сиқырлы әлемі» атты ертегі кітабын жазды.
Ол өз шығармасы арқылы ерекше балаларға және табиғатқа қамқорлықпен қарауды насихаттап қана қоймай, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға өз үлесін қосқысы келді.
Кездесу барысында Серікқали Брекешев жас экологқа, оның ата-анасына және оқытушысына алғысын жеткізді.
Ол сондай-ақ министрлік жетекшілік ететін экологиялық жобаларға қатысуды, экооқыту жөніндегі акцияларға қатысуды және «Ақсу-Жабағылы» ұлттық паркіне баруды ұсынды.
Министр экобелсендіні Құрмет грамотасымен марапаттап, ата-анасына және ұстазына Алғыс хаттар тапсырды.