Кітап насихаттауға арналған апталық өтті
18:17, 12 Наурыз 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жалағаш аудандық кітапханасында Сыр елі ақын-жазушыларының кітаптарын насихаттау мақсатында апталық өткізілді.
Бұл мәдени шара "Сырдария кітапханасы" сериясымен шыққан шығармаларға арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Түрлі танымдық шаралар аясында көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандар Өтеген Күмісбаевтың, Қомшабай Сүйеніштің шығармашылығымен танысты. Аудандық кітапханаға 61 дана қызылордалық қаламгерлердің шығармалары келіп түскен.