деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда кітапхананың тұрақты оқырмандары Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, Қазақстан экономикасының өрлегенін айтып, әлеуметтік саладағы оңды істерді баяндады. «Өркениет» жастар ұйымының жетекшісі Жақып Шаймұханбетұлы еліміздің кешегісі мен бүгіні өзгеріске толы екеніне дәйектер келтіріп, алдағы онжылдықта алынар асу ауқымды болатынына тоқталды. №6 кәсіптік мектеп оқушылары сәуірдің 1-нен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы мен шәкіртақылардың үстемеленетіні сарабдал саясаттың нәтижесі екенін жеткізді. Мұнан соң №12 мектеп оқушылары патриоттық өлеңдер оқып, кітапхана қызметкері Замзагүл Маштаева Жолдауға арналған кітап көрмесімен таныстырды.