Кітапханаға оқулық тапсырмаған студент түрмеге қамалды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Техас тұрғыны кітапханаға оқулықты тапсырмағаны үшін қамауға алынды.

Джори Энк кітапты 2010 жылы емтиханға дайындалу үшін алған. Жергілікті заң бойынша, егер адам үш ай бойы алғанын қайтармай, хаттар мен телефон қоңырауларына жауап бермесе, ол қамауға алынуы мүмкін.

Сот Джори Энкті үш жылға қамау туралы үкім шығарды. Бір айта кетері, полицейлер студентті арнайы іздемеген - тәртіп сақшыларымен ол басқа мәселе бойынша кездесіп қалған. Полицейлер мәліметтер базасын тексергенде ол туралы берілген ордер шыға келген.

Еркіндікке шығу үшін сот отырысына дейін жас жігіт 200 доллар көлемінде кепіл төлеген. Келесі күні-ақ оқулықты кітапханаға тапсырды.