Кітапханаларға есірткі туралы кітаптар беруге тыйым салынды - Ресей

АСТАНА.  Қарашаның 11-і.  ҚазАқпарат -  Ресейдің Есірткі айналымын     мемлекеттік  бақылау   қызметі  кітапханаларға  «есірткі  және  еліткіш  заттарды   насихаттайтын» кітаптарды  беруге тыйым  салғаны  анықталды,

деп  хабарлайды   "Компьюлента"   басылымы.

Тыйым  салынған  әдебиеттердің   қара тізіміне  37 туынды   кіріп отыр,  олардың  қатарында    әлемдік  көркем   және   арнайы әдебиеттер  классикасы  бар.  Атап айтқанда,    әлемнің    тұңғыш гонзо-журналисі Хантер  Томпсонның   «Лас-Вегастағы    үрей мен жиркеніш»    (Страх и отвращение в Лас-Вегасе") еңбегі  мен   танымал  чех-американдық   психоаналитик,    трансперсоналдық   психологияның  негізін   қалаушылардың бірі,      сананың   өзгеру  жағдайын     зерттеу саласының   көшбастаушысы    Станислав  Грофтың  «Санадан  тыс» ("За пределами мозга")  еңбегі  осы  тізімге кіріп отыр.