Корпорация мәліметінше, зерттеу 10 мың метр тереңдікте жүргізіліп, мұндай сынақтар арасындағы ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатқан.
Сынақ жоғары қысым, төмен температура, тұздылықтың жоғарылығы және еріген оттегінің өте аз мөлшері сияқты экстремалды жағдайларда өткен.
Корпорация өкілдерінің айтуынша, зерттеу тобы энергияны өте аз тұтынатын тиімді басқару жүйесін, сондай-ақ терең судағы коррозиядан қорғайтын арнайы жүйені әзірлеген.
Бұл технологиялар жабдықтарды дәл орналастыруға, олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және терең су ортасынан толық шығаруға мүмкіндік береді. Сынақ барысында жиналған барлық дерек сақталып, үлгілер су бетіне зақымданбай шығарылған.
Корпорацияның аға ғылыми қызметкері Ляо Чжицянь мұндай ұзақ мерзімді сынақ кезінде алынған деректер әлемдік тәжірибеде сирек кездесетінін атап өтті.
Зерттеу нәтижелерін терең судағы барлау жұмыстарына, пайдалы қазбаларды өндіруге және мұнай-газ кен орындарын игеруге пайдалану жоспарланып отыр.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай ғарышкерлердің бірлескен ұшулары саласындағы ынтымақтастықты талқылауы мүмкін екені хабарланған болатын.