ҚХР Ұлттық энергетика басқармасы мен Даму және реформалар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет бірлесе дайындаған құжат елдің 2026–2030 жылдарға арналған отын-энергетикалық кешенін дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды.
Шикізатты тасымалдау көлемі жылдан-жылға артып келе жатыр, сол үшін Бейжің тағы да 20 мың шақырым магистарльдық мұнай-газ құбырларын салуды көздеп отыр. Осылайша, қазіргі онжылдық меженің соңына қарай ұлттық құбыр желісінің жалпы ұзындығы 220 мың шақырымға жетпек.
— Мұнай мен газ — өнеркәсіптік шикізат пен энергияның негізгі көзі, ал оларды жеткізу энергетикалық қауіпсіздікпен, ұлттық экономиканың және ҚХР халқының әл-ауқатының дамуымен тығыз байланысты, — делінген құжатта.
Жоспар бойынша, сұйытылған табиғи газ терминалының сыйымдылығын жылына 200 млн тоннаға дейін, ал құрлықпен өтетін құбырлар арқылы газды импорттау көлемін жылына 114 миллиард текше метрге дейін жеткізу қарастырылып отыр.
Мұнай-газ өндіру негізінен Ордос, Бохай, Сычуань, Тарим, Сунляо, Жоңғар және Цайдам мұнай-газ бассейндеріндегі стратегиялық өндірістік базаларда жүрмек.
Бұған дейін Қытайдағы көмірсутек өнімінің жиынтық көлемі 2025 жылы тарихи 420 млн тонна мұнай эквивалентіне жеткені хабарланған болатын.
Райхан Рахметова