Қытай 40-тан аса елге арналған визасыз режимді 2026 жылдың соңына дейін ұзартты

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай 40-тан астам елдің азаматтары үшін біржақты визасыз режимнің мерзімін 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Синьхуаға сілтеме жасап.

Бұған дейін аталған елдердің кейбірі үшін визасыз режимнің мерзімі 2025 жылдың соңында аяқталатын еді. Сонымен қатар визасыз Қытайға кіре алатын елдердің тізіміне Швеция қосылды. Бұл елдің тұрғындары 2025 жылы 10 қарашадан 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін ҚХР-ге визасыз кіре алады.

Визасыз режим кейбір елдердің, соның ішінде Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Испания, Швейцария, Ирландия және Мажарстан сияқты елдердің кәдімгі төлқұжат иелеріне қолданылады. Ол Қытайға туристік, іскерлік сапарлар, туыстар мен достарға бару, алмасу бағдарламаларына қатысу немесе транзит үшін кіру кезінде виза талаптарынан босатуды көздейді.

Визасыз елде болу мерзімі – 30 күн. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Грузия шетелдіктер үшін виза талаптарын күшейтті.