Қытай Африка елдерінен баж салығын алып тастайды

Коллаж: Kazinform / Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Африка елдері үшін кеден бажын біржақты түрде нөлге түсіруді көздеп отыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Caixin басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 14–15 ақпанда Аддис-Абебеде өткен Африка Одағының 39-шы саммиті аясында өңір елдері көшбасшыларына жолдаған құттықтау хатында мәлімдеді.

— 2026 жылдың 1 мамырынан бастап Қытай дипломатиялық қатынасы бар 53 африкалық ел үшін кеден бажын нөлге шығаратын режим енгізеді, — делінген Си Цзиньпин хабарламасында.

Өз хатына Қытай Төрағасы Африка өнімдерінің Қытай нарығына қолжетімділігін арттыру мақсатында «жасыл арна» (green channel) және басқа да шараларды оңтайландыру арқылы экономикалық серіктестік жөніндегі келіссөздерді ілгерілететінін де атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Пекиннің бұл қадамын жоғары бағалап, барлық дамыған мемлекеттер мен экономикалық әлеуеті жоғары елдерге ұқсас шараларды қабылдауға шақырды.

Бұған дейін біз Қытайдың Африка елдері үшін баж мөлшерін нөлге түсіру саясатының мәні туралы жазған болатынбыз.