ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 5 қыркүйекте саммиттің ашылу салтанатына қатысты.
Ашылу салтанатында Си Цзиньпин өз сөзінде Қытай өзімен дипломатиялық қарым-қатынасы бар барлық Африка елдерімен екіжақты қарым-қатынасын стратегиялық қарым-қатынас деңгейіне көтергенін хабарлады. Сондай-ақ, екіжақты бірлескен әріптестік жобаларды жүзеге асыру үшін Қытай Африкаға алдағы үш жылда 360 млрд юань (50 млрд АҚШ доллары шамасында) қаржылай көмек көрсетуге әзір екенін айтты.
Для реализации совместных партнерских проектов власти Китая готовы оказать финансовую поддержку странам Африки в размере ей (около $50 млрд) в течение следующих трех лет.
Си Цзиньпин, сондай-ақ, алдағы үш жылда Қытайдың Африка елдерімен он бағытта ынтымақтастық жүргізетінін айтты.
Бұл ынтымақтастық экономика, сауда, ауыл шаруашылығы, медициналық денсаулық және қауіпсіздік салаларын қамтитын болады.
Бұған Африкаға 1 миллиард юаньның шұғыл азық-түлік көмегін көрсету және Африка елдеріне 6000 әскери қызметкер мен 1000 полиция қызметкерін дайындауға көмектесу кіреді.
Си Цзиньпин бұл жоспарды «Әріптестіктің он әрекеті» деп атайды.
— «Әріптестіктің он әрекетін» жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында Қытай үкіметі Қытай мен Африканың әртүрлі салалардағы практикалық ынтымақтастығына күшті қолдау көрсетуге дайын. — деді Си Цзиньпин.
Хабарланғандай, осы саммит барысында Қытай мен Африканың 53 елі бірлесе отырып, «Жаңа дәуірдегі барлық жағдайда ортақ болашағы бар Қытай-Африка қоғамдастығын бірлесіп құру туралы „Бейжің декларациясы“ және „Қытай-Африка ынтымақтастығы форумы — Бейжің Іс-шаралар жоспары (2025-2027 жж.)“ қабылданды.
Қытай-Африка ынтымақтастығы форумы 2000 жылы құрылды. Оған мүше елдерге Қытай, Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынастары бар 53 Африка елі және Африка Одағы комиссиясы, жалпы саны 55 мүше кіреді.