«2027 жылға қарай бүкіл елді қамтитын, әртүрлі маршруттары, бай тақырыптары және жан-жақты қызметтері бар «ақ самайлылар» туристік пойыз өнімдерінің жүйесі құрылады. Туристік пойыздар мен жолаушылар ағыны 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артады деп болжанып отыр», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен бірге, құжатта егде жастағы жолаушыларға арналған бірқатар шара әзірленгені хабарланды.
Атап айтқанда, ол қарттарға арналған туристік пойыздардың ыңғайлы трансформациясының техникалық стандарттарын және теміржол қызметтерінің тиісті стандарттарын зерттеуді, сондай-ақ жаңадан салынған теміржол вокзалдарында нысандарды жетілдіруді талап етеді. Жабдықтарды жаңарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен бірге, бүкіл ел көлеміндегі мәдени және туристік орындарда қарт адамдардың саяхатын жеңілдету үшін қарттарға қолайлы қызметтер ұсыну көзделген.
Осыған дейін Қытайдың 2024 жылы 6,41 миллион көлік экспорттағаны туралы жаздық.