Қытай АҚШ-пен сауда келісімі жасалғанын растады
АСТАНА. KAZINFORM – Жарияланған мәлімдемеде ҚХР бақылаудағы тауарлардың эскпортына рұқсат етілгенін растайды, ал АҚШ Қытайға қарсы қолға алынған шектеу шараларын алып тастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.
АҚШ пен Қытай сауда келісімін жасады, деп мәлімдеді ҚХР-дің сауда министрлігі жұма күні. Бұл ретте министрлік өкілі ауқымды коммерциялық «соғыстың» тоқтағанын жеткізді.
Мәлімдеме Дональд Трамптың бейсенбі күні Ақ үйде журналистерге тараптардың келісімге келгенін жариялағанынан кейін жасалды. АҚШ президенті келісімге қатысты қосымша ештеңе айтпады.
Женевадағы май айының басындағы келіссөздер екі ел арасындағы сауданың тоқтауына әкелетін тарифтерді барынша көтеру туралы бастаманы кейінге қалдырды.
Келіссөздердің келесі, Лондонда өткен кезеңі Трамп айтқан келісімге негіз қалады.
Осыған дейін АҚШ Қытаймен сауда бойынша келісімге келді АҚШ-тың Қытаймен сауда келісіміне келгенін хабарладық.