Қытай АҚШ-тан қайтадан соя сатып ала бастады

Фото: bbc.com

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп пен Си Цзиньпин екіжақты келіссөздерді аяқтап, Пусандағы кездесу орнынан кетті, бірақ әңгіменің мазмұны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

– Сауда министрі Ховард Лутник Трамптың соңынан ерген АҚШ делегациясы мүшелерінің күлкілері байқалды, деп хабарлайды NBC News. 

Си Цзиньпиннің кортежі ертең Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті өтетін Кёнджу қаласына жол тартты. BBC бұл Си Цзиньпиннің Оңтүстік Кореяға кейінгі 11 жылдағы алғашқы сапары екенін жазды.  

Трамп Air Force One ұшағына отырып, Оңтүстік Кореядан еліне ұшып кетті. 

Қытайлық CCTV телеарнасы екі лидердің кездесуінің жоспарланғаннан 10 минутқа ұзағырақ, яғни 1 сағат 40 минутқа созылғанын хабарлады. 

АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрі Брук Роллинз сауда шиеленісі кезінде бірнеше айлық үзілістен кейін Қытайдың негізгі ауылшаруашылық тауары америкалық сояны сатып алуды қайта бастағаны туралы ақпаратты растады. 

– Бүгін Қытайдың америкалық сояның бірнеше жөнелтімін сатып алуы Трамптың жақсы келісімдерге қол жеткізіп, біздің фермерлер үшін оң қадам жасап жатқанын көрсетеді. Бұл керемет бастама, өйткені біз америкалық ауыл шаруашылығы өркендеп, әділ шарттарда бәсекелесетін жүйені құруды жалғастырамыз, - деп жазды Брук Роллинз X. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы сауда келісімі жасалмауы мүмкін екенін жазған едік.