БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Американың енгізген салығына жауап ретінде Қытай 12 сәуірден бастап АҚШ тауарларына салынатын баж салығын 84%-дан 125%-ға дейін көтереді. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Тарифтік комитеті хабарлады, деп жазады ТАСС.
– Вашингтонның Қытай өнімдеріне өте жоғары тарифтері «халықаралық сауда-экономикалық ережелерді, негізгі экономикалық заңдар мен парасаттылықты бұзу, қорқыту мен мәжбүрлеудің біржақты әрекеті», – делінген хабарда.
Айта кетейік, Ақ үй бұған дейін Американың Қытайдан жеткізілім бажы 125 пайыз емес, 145 пайыз болады деп мәлімдеген еді.
Сондай-ақ, Қытай мен ЕО электрлік көліктердің бағасы жөнінде келіссөз жүргізбек.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы