— АҚШ-тан келетін барлық импорттық тауарға қолданыстағы тарифтік мөлшерлемеден 34% жоғары тариф салынады, - деп келтіреді CCTV Қытай Мемлекеттік кеңесінің тарифтік комиссиясы ережесінің мәтінін.
Қытайдың бұл әрекеті Америка Құрама Штаттарына жеткізілетін Қытай тауарларына АҚШ-тың тариф саясатына жауап болды.
— АҚШ-тың бұл тәжірибесі халықаралық сауда ережелеріне қайшы келеді, Қытайдың заңды құқықтары мен мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді және әдеттегі біржақты қорқыту тәжірибесі саналады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ-тың «өзара тарифтеріне» қарсы шығып, өз мүддесін қорғау үшін қарсы шаралар қолданатынын мәлімдеген.