Бейжіңдегі метро апатынан 500-ден астам адам зардап шекті

Фото: Видеодан алынған кадр

14 желтоқсан күні Бейжіңдегі метрода апат болды, деп хабарлайды Кazinform.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан 515 адам зардап шеккен. Оның 102-сі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Апатқа рельстің тым тайғақ болғаны себеп болғаны айтылды. Тежеуіш істен шығып, пойыздар бір-біріне соғылған. 

Қазіргі кезде жергілікті құқық қорғау органдары апаттың өзге де себептерін анықтап, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.