Басты жаңалық компаниялардың сыртқы нарықтардағы демпинг пен баға ретсіздігінің алдын алуға бағытталған «Шетелдегі бағаны сәйкестендіру міндеттемесіне» қол қою талабы болып отыр.
Құжатқа сәйкес, автомобиль компаниялары өздері экспорттайтын көліктердің дәл бағасын жариялауға және нарықтық тәртіпті бұзатын әділетсіз бәсекелестік жасаудан бас тартуға міндетті.
Экспорттаушы мәртебесін алу үшін компаниялар шетелдерде өздерінің дамыған инфрақұрылымы бар екенін растауы керек. Атап айтқанда, автоөндірушілер құжат негізінде расталған біліктілігі бар жұмыскерлері, қызмет көрсету орталықтары, құрал-жабдықтары, қосалқы бөлшек жеткізу тізбектері барын дәлелдеуге тиіс.
Министрлік жалған ақпарат берген немесе құжаттарды бұрмалаған компанияларға ашық түрде сөгіс жариялап, автомобиль және мотоцикл экспорттау құқығынан уақытша, тіпті толықтай айыруы мүмкін.
Онлайн өтінімдер 30 қыркүйектен 28 қазанға дейін қабылданады.
Бұған дейін Қытайдың электр көліктері экспорты 120%-ға артқаны хабарланған.
Қытайда жаңа көліктер енді көк түсті индикаторлармен жабдықталмайды.