Бензин бағасы тоннасына 75 юаньға (шамамен 10,56 АҚШ доллары) арзандаса, дизель отынының бағасы тоннасына 70 юаньға төмендейтіні хабарланды.
Қытайдағы жетекші үш мұнай корпорациясы, соның ішінде Қытай ұлттық мұнай-газ, Қытай мұнай-химия, Қытай ұлттық теңіз мұнай корпорациялары және басқа да мұнай өңдеу кәсіпорындары тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндіру мен тасымалдауды дұрыс ұйымдастыруды тапсырды.
Қытайдың баға белгілеу механизмі бойынша мұнай өнімдерінің бағасы әлемдік мұнай бағасының ауытқуына байланысты түзетіледі.
Сондай-ақ комитет тиісті жергілікті департаменттерді нарықты қадағалау мен тексеруді күшейтуге, мемлекеттік баға саясатын бұзатын әрекеттермен күресу үшін қатаң шаралар қабылдауға және нарықтық тәртіпті сақтауға шақырды.
Бұған дейін еліміздегі бензин, дизель және автогаз бағаларын жариялаған болатынбыз.