БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытай билігі Еуропаның алты елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізбек. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы аясында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«14 наурыздан бастап Қытай Швейцария, Ирландия, Венгрия, Аустрия, Бельгия және Люксембургке сынақтық визасыз режим енгізеді», - деді Ван И.
Оның айтуынша, Қытай қытайлық және шетелдік қызметкерлер алмасуды жеңілдету, оның ішінде төлем қызметтерінің санын көбейту бойынша бастамалар көтеруді жалғастырады.
Бұған дейін Қытай билігі 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Еуроодаққа мүше бес мемлекет: Испания, Италия, Нидерланд, Франция және Германия азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізген болатын.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.