Қытай ғалымдары алғаш рет ешкінің бірнеше генетикалық көшірмесін сәтті жасап шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдағы Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ғалымдары үй жануарларының дәл көшірмесін жасап көбейтуді алғаш рет сәтті жүзеге асырды. Бұл туралы Xinhua агенттігі жазды.

Фото: Синьхуа

Мәліметке сәйкес, ғалымдар сүт беретін асыл тұқымды ешкінің біреуін негіз етіп алып, одан бірнеше генетикалық көшірме жануарлар жасаған. Нәтижесінде төрт еркек және екі ұрғашы лақ алынған.

Зерттеушілер өте сапалы дене жасушаларын мұқият бөліп алып, бүкіл процесті жетілдірген. Соның арқасында бір жануардан бірнеше бірдей төл алу мүмкіндігі пайда болды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс бұрынғы мал өсіру тәсілдеріне қарағанда әлдеқайда жылдам. Әдетте ешкілерді көбейту үшін 8–10 жыл керек болса, жаңа технология бұл уақытты айтарлықтай қысқартады.

Былтыр Қытайдың оңтүстік-батысындағы як өсіру базасында 10 шілде күні кесарь тілігі арқылы клондалған як дүниеге келді.