Қытай инвесторлары Павлодарда көлік дискілері мен қосалқы бөлшектерін шығармақ

Фото: Фото: Валерий Бугаев

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жоба құны - 50 млрд теңге. Өндірісте жылына 2 млн дана өнім шығарылып, 100-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылуы мүмкін.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қытайлық Beijing Jinghanlin Мould Manufacturing Co. Ltd және Hua Аn International Investment Management LLP компанияларының өкілдерімен кездесті.

Фото: Валерий Бугаев

Кездесу барысында тараптар өңірдегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында автокөлік өнеркәсібіне арналған автокөліктердің алюминий дискілері мен қосалқы бөлшектерін шығаратын кәсіпорын салу мүмкіндігін талқылады.

Фото: Валерий Бугаев

- Жобаның құны шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын құрылса, жылына 2 млн өнім шығарып, 100-ден астам адамды жұмыспен қамтиды. Облыс әкімі Асайын Байханов қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру - бұл жұмыстағы басты басымдық екенін атап өтті. Ол кәсіпорынның болашағын жоғары бағалады. «Beijing Jinghanlin Mould» компаниясының құрылтайшысы және басшысы Тау Хуачан дөңгелек дискілерін құю және сынау технологиясы, жүк көліктерінің дөңгелектеріне арналған қалыптарды өндіру және экспортқа бағдарланған өнімнің артықшылықтары туралы баяндады. Тараптар жобаны жан-жақты талқылауды жалғастыруды және оны іске асыру жөніндегі алдағы уақыттағы қадамдар туралы уағдаласты,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Фото: Валерий Бугаев

Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd - нарықтағы негізгі ойыншы және өз өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азияға, Еуропаға, Латын Америкасына және АҚШ-қа жеткізетін Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі.

Еске сала кетейік, АҚШ инвесторы қазақстандық ІТ-стартапқа $1 млн көлемінде инвестиция құйды.

Фото: Валерий Бугаев